“Turan” University
Almaty, Satpaev St., 16-18, 18a.
library@turan-edu.kz
support@turan-edu.kz
+7 (727) 260 4015
+7 (727) 260 7070



Біз туралы

«Тұран» университеті 1992 жылы құрылған және сол жылы университеттік кітапхана өз есігін ашты. Экономикалық тұрақсыз уақыт болды, мызғымайтындай болып көрінген білім беру, ғылым және мәдениеттің бәрі құлдырады. Қажеттіліктерді қаржыландыруға мүмкіншілік болмай, кітапханалардың ашылғанынан жабылуы жиі бола бастады. Сол күрделі кезеңде кітапхана қызметкерлері қысқа мерзімде оқу-әдістемелік қорды, ғылыми және анықтамалық әдебиеттерді құруға тура келді. Университет құрылтайшылары «білім қорының» маңыздылығын түсіне отырып, кітап қорын қалыптастыру үшін қаржы түсімдерінің 25-30%-ын аударып отыруға шешім қабылдады. Университет кітапханасына оқу және ғылыми процестерді жақсартуға жағдай жасап, жұмыстың жоғары сапасын қамтамасыз етіп, жұмыс үрдісін үнемі жетілдіріп отыру керек деген шарттар қойылды. Сонымен қатар, бүгін заманауи университеттің инновациялық-кәсіпкерлік түріне лайық болу қажеттілігі туындауда.

2013 жылы кітапхана жаңа ғимаратқа көшті және заманауи компьютерлік технологияларды қолдануда. 2015 жылдан бастап «Тұран» университетінің кітапханасы IT және ақпараттық-кітапхана ресурстары департаментінің ақпараттық-кітапхана ресурстар бөліміне кірді.

Мұндай түбегейлі өзгерістер «кітап жолының», яғни тапсырыс беру, сатып алу, есепке алу, каталогтандыру, жүйелеу, қорлар бойынша бөлу сияқты операцияларды электрондық форматта жүргізуге алып келді.

IT департаментінің АКР директоры университеттің студенттері мен оқытушыларына қызмет көрсету сапасын арттыру үшін «Тұран» университетінің «Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі» ТУАКАЖ электронды кітапханасын әзірледі.

Бұл жүйе «Тұран» университетінің заманауи кітапхана жұмысының инновациялық құралына айналды.

Кітапхана үнемі электрондық ресурстарға келісім шарт негізінде жазылып отырады (бұл туралы толығырақ кітапхананың веб-сайтының «Ресурстар» бөлімінен біле аласыздар). Кітапхана қорын толықтыру үздіксіз және тұрақты болып тұрады.

Университеттік кітапхана болғандықтан, ғылыми басылымдарға көп көңіл бөлінеді: мұнда қазақстандық және шетелдік ғалымдардың авторлық монографиялары, оқулықтары мен түрлі оқу құралдары кеңінен ұсынылған.

Мұнда оқырмандар көптеген халықаралық конференциялар материалдарын, әр түрлі институттарының ғылыми жинақтарын, авторефераттар, диссертациялар, лингвистикалық сөздіктер және т.б. таба алады.

Әдебиеттер қоры бірнеше тілде ұсынылған::

  • қазақ тілінде;
  • орыс тілінде;
  • шет тілдерінде (ағылшын, неміс, француз, қытай және түрік).

Оқырмандарға ыңғайлы болу үшін әдебиеттер жалпы білім беретін, базалық және бейіндік оқу бағдарламалары блоктар бойынша бөлінеді.

Кітапхана қоры «Тұран» университетінің қызметкерлері, студенттері, магистранттары, докторанттары мен оқытушылары үшін қол жетімді.

Электронды кітапханаға жазылу үшін кітапхананың library@turan-edu.kz. электрондық адресіне тапсырыс беруіңізге болады.



Кітапхана қызметінің басым бағыттары:

  • Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқырмандарға сапалы қызмет көрсету.
  • ЖОО профилі мен оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес кітапхана қорын қалыптастыру
  • Кафедралармен, ғылыми орталықтармен, ҚР өзге кітапханаларымен байланысты нығату
  • Оқырмандардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру


ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Университет инновациялық кәсіпкерлік жолымен келеді, мұнда жаңа технологияларды енгізуде тұрақты даму бар. Бүгін кез келген ұйымның табысты қызметі үшін тектес құрылымдардың  өзара әрекеттестігі өте маңызды.

Біздің кітапханада берік кәсіби байланыс жолға қойылды соның арқасында халықаралық кітап алмасулар, конференциялар, семинарлар, баспа және көрме жобалары өткізіледі.