“Turan” University
Almaty, Satpaev St., 16-18, 18a.
library@turan-edu.kz
support@turan-edu.kz
+7 (727) 260 4015
+7 (727) 260 7070

ОҚЫРМАНДАРҒА

КІТАПХАНАҒА ЖАЗЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. «Тұран» университетінің кітапханасына білім алушылар мен университетте тұрақты негізде жұмыс істейтіндердің барлығы жазыла алады.
  2. Кітапханаға жазылу қызмет көрсету бөлімдерінде жүргізіледі.
  3. Кітапханаға жазылу үшін өзімен бірге:
  • жеке куәлік;
  • фирмалық бланкідегі берілген жұмыс орнынан анықтама болуы тиіс.

Кітапханадағы оқу залдары мен электронды ресурстар залын пайдалану құқығы, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына беріледі, сондай-ақ басқа мемлекеттердің азаматтарына ортақ негізде жүргізіледі.

Кітаптардың электрондық нұсқасы, сондай-ақ электрондық ресурстарға сілтемелер кітапхананың http://lib.turan-edu.kz/ сайтында қол жетімді.

Электронды кітапханаға қатысты қиындықтар болса және  өзге де сұрақтар туындаса, 107 кабинеттегі қызметкерлер көмектесуге дайын.

 

Топ кураторларының назарларына!

Әр оқу жылының басында электрондық кітапханаға жазылу үшін студенттер мен магистранттар тізімін беріп отырыңыздар.

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗЫП ЖАТҚАН ОҚЫРАМАНДАРҒА!

Университеттің ғылыми залында түрлі диссертациялық жұмыс кеңінен ұсынылған. Оларды пайдалану үшін:

  • ТУАКАЖ жүйесінде өз тақырыбы бойынша диссертациялық жұмыстарына іздеу жүргізу.
  • 107 кабинетке келіп, Сізді қызықтырған жұмыстың ID атауын айтуыңыз қажет.
  • Ғылыми жұмыс кезінде залда ноутбук пайдалануға рұқсат етіледі.

Зерттеу қызметі үшін ақпарат іздеу, түзету, тексеру кезінде уақытты айтарлықтай үнемдейтін және ғылыми басылым қалыптастыруға құрылған Web of Science платформасындағы (Thomson Reuters компанияның өнімдері) EndNote бағдарламасын пайдалануға кеңес береміз.

Базалық функцияларды меңгеру немесе EndNote жұмыс дағдыларын жетілдіру үшін компания мамандары «EndNote online – базалық мүмкіндіктер», «EndNote Online бағдарламасында библиографиясымен жұмыс» интернет семинарларын ұсынады.

 

ТУАКАЖ НҰСҚАУЛЫҒЫ («Тұран» университетінің Автоматтандырылған кітапханалық-ақпарат жүйесі)