“Turan” University
Almaty, Satpaev St., 16-18, 18a.
library@turan-edu.kz
support@turan-edu.kz
+7 (727) 260 4015
+7 (727) 260 7070

кітапхананы пайдалану Ережесі

1.Жалпы ережелер

1.1. Осы кітапхананы пайдалану Ережесі (бұдан әрі – Ереже) кітапхана қызметкерлері мен оқырмандардың құқықтары мен міндеттерін құрайтын негізгі жергілікті нормативтік акт болып табылады.

1.2. Кітапхана «Тұран» университетінің (бұдан әрі – Университет) ғылыми-зерттеу қызметі мен оқу үдерісінің тақырыптық бағыттары бойынша қорларын сақтайды, қалыптастырады және оларға қол жетімділігін қамтамасыз етеді.

1.3. Кітапханаға жазылу үшін, оқырман «Тұран» университетіне қатысы бар екендігін куәландыратын құжатты (студенттік билет және жеке куәлікті) ұсыну керек. Уақытша оқырмандарға (оқушылар, сағаттап жұмыс істеуші оқытушылар, университет түлектері) жеке куәлік, кадр бөлімі берген анықтама, мектептен алған анықтаманы ұсынғаннан кейін ғана оқу залында қызмет көрсетіледі.

1.4. Абономентке жазылу кезінде, оқырман  Жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) көрсетілген жеке куәлігін беруі қажет. «Тұран» университетінің Автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесіне  (бұдан әрі – ТУАКАЖ) кітапханашы-библиограф кітаптың берілген күнін және қайта тапсыру күнін белгілейді. Оқырман осы кітапхананың пайдалану Ережесін орындауға міндетті екендігін растайды.

1.5. Кітапхананы пайдалану тегін .

1.6. Осы Ереже біртұтас және университет құрамына кіретін барлық құрылымдық бөлімшелерге міндетті.

1.7. Осы Ереже университетте жалпыға бірдей жеткізіледі.

  1. Оқырманның құқықтары

2.1. Оқырманның:

– «ТУАКАЖ» жүйесінде көрсетілген кітаптар, газеттер, журналдар және басқа да басылымдарды уақытша пайдалануға құқығы бар. Берілу уақытының ұзақтығын кітапханашы-библиограф айқындайды;

– анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді пайдалануға құқығы бар;

– «ТУАКАЖ» электрондық базасы қорының құрамы мен картотекалары туралы каталогтар жүйесі арқылы толық ақпарат алуға құқығы бар.

2.2. Оқу залында оқырмандар басылымдардың барлық түрлерін пайдалана алады, алайда кітапханадан алып шығуға құқығы жоқ.

2.3. Энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, диссертациялар, авторефераттар, ағымдағы мерзімді басылымдар, сирек және құнды кітаптар тек оқу залдарында жұмыс істеу үшін беріледі.

2.4. Қызмет көрсетуді жақсарту үшін, қандай да бір себептермен кітапхананың оқу залдарында жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ оқырмандарға,  кітапты үйге беру, кітапхана директорының рұқсаты бойынша қарастырылады.

2.5. Әдебиеттерді үйге беру абонементте жүргізіледі.

2.6. Абонементте берілген әдебиеттерді пайдалану мерзімі: оқу әдебиеттері бір семестрге немесе бір оқу жылына, немесе жекелеген жағдайларда кітапханашы-библиограф белгілеген мерзімге дейін берілуі мүмкін. Ғылыми әдебиет 10 күннен 30 күнге дейін мерзімге беріледі. Көркем әдебиет 10 күнге, 1-2 кітап мөлшерінде беріледі.

2.7. Егер пайдалануға берілген әдебиетке өзге оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса онда пайдалану мерзімі ұзартылуы мүмкін, және керісінше басылымдар бір данада немесе аса сұранысқа ие болса пайдалану мерзімі қысқартылуы мүмкін.

2.8. Оқырман үйіне алған басылымдарына өзге оқырмандардан сұраныс болмаса пайдалану мерзімін ұзарта алады.

 

  1. ОҚЫРМАННЫҢ МІНДЕТІ

3.1. «Тұран» университетінің кітапхананы пайдалану Ережесін орындауға міндетті.

3.2. Әдебиет алу үшін жеке куәлікті және студенттік билетті беріп, «ТУАКАЖ» жүйесінде белгіленуі міндетті.

3.3. Кітапханадан алынған басылымдарға ұқыпты қарауға, оларды белгіленген мерзімде қайтаруға міндетті.

3.4. Әдебиет алған кезде әрбір басылымды мұқият қарап шығуға және  ақаулар анықталған жағдайда бұл туралы ол кітапқа тиісті белгілер жасайтын кітапханашыға хабарлауға міндетті. Өзге жағдайда, осы ақауларға соңғы кітап алушы оқырман жауапты болады.

3.5. Оқырман кітапхана қорына келтірген залалы үшін материалдық жауапкершілікті «Тұран» университетінің ректоры шығарған бұйрығына сәйкес көтереді. Кітап немесе әдебиеттер жоғалған (бүлінген) жағдайда оқырман оларды ұқсас әдебиеттермен ауыстыруға міндетті, ал мүмкін болмаған жағдайда олардың нарықтық құнын он есе мөлшерде өтеуге міндетті.

3.6. Семестр (оқу жылы) соңында алған оқу әдебиеттерін кітапханаға тапсырмаған студенттерге келесі оқу кезеңінде әдебиет берілмейді.

3.7. Оқырман университеттен кетер кезінде, кету қағазын ресімдей отырып кітапханамен толықтай есептесуге міндетті.

 

  1. ОҚЫРМАНҒА РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ

4.1. Ақпараттық кітапхана ресурстары бөлімінде тәртіп пен тыныштықты бұзуға, кітапханаға сырт киіммен және өзімен тамақ алып кіруге тиым салынады.

4.2. Әдебиет алу үшін жеке куәлігін басқа тұлғаларға пайдалануға беруге тиым салынады.

4.3. Кітапханадан әдебиетті «ТУАКАЖ» жүйесінде тіркеусіз шығаруға тыйым салынады.

4.4. Кітапханалық басылымдарды (бетіне жазу, мәтінді сызып көрсету, кітаптың қабын бүгу және беттерін жыртуға) және кітапхана мүліктерін (үстелдер, орындықтар, компьютерлер, планшеттер және т.б.) бүлдіруге тыйым салынады.

4.5. Кітапханашының рұқсатынсыз қызметтік бөлмелерге және кітап сақтау бөлмесіне кіруге тыйым салынады.

«Кітапхананы пайдалану Ережесін» бұзған оқырмандар туралы мәліметтерді деканаттарға немесе ректоратқа тиісті шаралар қабылдау үшін беріледі.

 

  1. КІТАПХАНА МІНДЕТТЕРІ

Ақпараттық кітапхана ресурстар бөлімі:

5.1. Оқырмандарға кітапхана қорын толыққанды пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді, кітапхана ұсынатын қызметтің барлық түрлері туралы оқырмандарды хабардар етеді. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылықтарын дамытып, олардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасайды.

5.2. Оқырмандарға қажетті әдебиетті таңдауда көмек көрсетеді, ақпараттық кеңес береді, библиографиялық шолулар өткізеді, кітапханалық-библиографиялық білімді насихаттайды, каталогтар мен картотекаларды пайдалануға ұсынады.

5.3. Жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстары жөніндегі проректорымен бірге салауатты өмір салтын қалыптастыратын, азаматтық-патриоттық, мәдени, рухани, эстетикалық тәрбиелеуге ықпал ететін көрмелерді ұйымдастырады.

5.4. Университеттің интеллектуалдық игілігінің бір бөлігі болып табылатын кітапхана қорын қажетті кітаптармен уақтылы толықтырады. Кітаптар қорындағы әдебиеттерді, журналдар және басқа да ақпарат қорларын  есепке алады сақтайды.

5.5. Берілген әдебиеттің уақытында қайтарылуын қамтамасыз етеді.

5.6. Оқырмандар өткізетін әдебиетті қабылдау кезінде ақаулардың болу болмауын тексереді.

 

  1. ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАНЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

6.1. «ТУАКАЖ» («Тұран» университетінің автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі) деректер базасы университеттің барлық оқырмандарын әдебиет каталогымен және оны онлайн түрінде оқуды қамтамасыз етеді.

6.2. Жүйеге кіру кез келген құрылғыдан  lib.turan-edu.kz. интернет сайт арқылы жүзеге асырылады. Сайтқа кіру үшін жүйеге тіркеу кезінде электрондық пошта мен пайдаланылатын құпия сөзді жазып, көрсетілген жиектерді толтыру қажет.

6.3. Сондай-ақ, оқырмандардың ғылыми платформаларға: РЖООАЭК (Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана), www.Zakon.kz, www.lanbook.com, www.nlrk.kz, www.scopus.com, www.sciencedirect.com, www.polpred.com, www.link.springer.com, www.ip-science.thomsonreuters.com.  қол жеткізуге мүмкіндігі бар.